Chevrolet Cruze – спорттық хэтчбек, ол Сізге өмірде көп нәрсеге жетуіңізге көмектеседі
Ол барынша тың, әлі көпшілікке кең таныла қойған жоқ. кең таралған седанның ұзақ күткен нұсқасы. Өзінің 4 есікті «ағасы» секілді Cruze хэтчбек те жақсы: ол өзіне даралық пен ыңғайлылықты шебер үйлестірген – мұны оның ішінен де, сыртынан да көруге әрі сезуге болады. Сонымен бірге ол жылдам әрі ширақ.
Қазақстанда 5 есікті Cruze сатуға жыл соңында түседі. Осы бетте біз ол туралы негізгі ақпаратты жинақтадық. Егжей-тегжейлі сипаттамасын, фотографиялар мен бейне материалдарды жіберіп алмау үшін мұнда тұрақты келіп тұрыңыз немесе RSS-тың жаңалықтарына жазылыңыз.
Көз тартатын сыртқы келбет
Алға ұмтылған сызықтар купені де, шатырды да орай отырып, жаңа Cruze-ге тартымды әрі ширақ өң береді.

WTCC автомобиль-жеңімпазы– екі жыл қатарынан!
Chevrolet Cruze WTCC әлем чемпионатына қатысуға кездейсоқ таңдалынған емес. Chevrolet командасы WTCC –тың жеке сынағында чемпион болып, 2010 жылы жеке сынақта және конструкторлар кубогінде, қазір, 2011 жылы, екінші орын алған BMW командасынан үлкен озушылықпен чемпион болып, көшбасшылықты сақтап отыр.
Осы жылдың жарыс кезеңі туралы барлық мәліметті WTCC бетінен таба аласыздар.

Қозғалтқыштары мен беріліс қораптары
Cruze желісіндегі әрбір қозғалтқышқа қуаттылық, жылдам күш алу және отын үнемдегіштік тән. 1.6 литрлік қозғалтқыш механикалық, ал 1.8 литрлік автоматты беріліс қорапшасымен жабдықталған. Хэтчбек пен седан бірдей қозғалтқышпен және трансмиссиямен жабдықталғандықтан.
Интерьер дизайны және жайлылығы
«Қосарлы кокпит» пішініндегі жүргізушінің орнынан, орталық консолидің көгілдір көмескі шамдарынан бастап, жүк салатын көптеген бөліктеріне және жоғары сапалы өңдеу материалдарына дейін талғампаздық пен жайлылық сезімін туғызады. Кең салонда бес ересек адам еркін жайғаса алады және олардың жүктеріне де 400 литрден астам жүк салғышта орын жеткілікті. Аяқтарға, иықтар мен бастарға арналған кеңістікті осы сыныптағы үлгілермен салыстыра отырып, Cruze-дің бірден-бір көшбасшы екенін нық сеніммен мәлімдей аламыз. USB интерфейсімен жабдықталған CD ойнатқышы бар стильді радио электр жетекті алдыңғы әйнек көтергіштер және тағы да көптеген басқалары секілді стандартты жабдық болып табылады.
Cruze – қауіпсіз автомобиль
Cruze-де қауіпсіздікті кузовтың мықты құрылымы, сондай-ақ алты қауіпсіздік жастықшасы мен ISOFIX типтегі балалар отырғышының бекіткіші қамтамасыз етеді. Олар Сізді және Сіздің жолаушыларыңызды соқтығыс кезінде қорғайды.
Соқтығыспау үшін
Cruze-дің стандартты жиынтығына кез-келген жағдайда машинаны жолда ұстап қалу үшін оқшаулауға қарсы (ABS) және сүйреуге қарсы (TCS) жүйелер, шұғыл жағдайда автомобильді басқаруды жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік беретін бағыт тұрақтылығы жүйесі (ESC) кіреді. Тежегіш күшті таратудың электронды жүйесі (EBD) алдыңғы және артқы тежегіш дискілерге колодкалардың қысым күштерін реттейді және теңестіреді, сөйтіп автомобильдің тұрақтылығын сақтауға көмектеседі.
3 070 000 теңгеден басталатын Cruze
Баға мен сапаның арақатынасы біз үшін өте маңызды, сондықтан Сіз өз ақшаңызға жоғары деңгейдегі корейлік жинақтаумен, жаңа технологиялармен және керемет қауіпсіздікпен бірге көптеген стандартты топтамалармен барынша жабдықталған автомобиль аласыз.
Cruze-ді тестен өткізіңіз
Біз сіздің Cruze-дің ширақтығына біз секілді көңіліңіз толатынына сенімдіміз. Сізге осыған неге көз жеткізіп көрмеске? Тіпті бүгін-ақ тест-драйвқа жазылыңыз!









