Су жаңа 4 есікті Aveo седан.
Жаңа Aveo седанды ұсынамыз. Барынша жабдықталғанын айтпағанда, іші-сырты түгелдей керемет көрінетіндігімен мақтана алатын осы тектес автомобильдер санаулы ғана.... Үлгі құрамында алты сатылы беріліс қорапшасы мен бағыт тұрақтылығы жүйесі бар көліктер аз-ақ. Көптеген стандартты топтамалар Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге тырысады. Сіз қандай үлгіні таңдамаңыз, әрқашанда автомобильдің жоғары сапасына тәнті боласыз.
Aveo: өз қадыр-қасиетін білетін сырбаз седан
Aveo салоны кең және онда болу деген - бір ғанибет. Мотоциклетті дизайнмен жасалған индикаторлар барлық ақпарат жүргізушіге жақсы көрініп тұратындай етіп орналасқан, ал орталық консолидің көк түсті жарық бергіштері жайлылық туғызады. Ұсақ-түйектерге мән беру талғампаздықты байқатады.

Сіз бұл су жаңа Aveo-да жолаушылар үшін де, жүктер үшін де орындардың көп екенін бірден байқайсыз. Онда 5 ересек адам еркін отырады, олар USB және Аux-in интерфейстерімен және MP3 мен iPod.ойнатқыштарына арналған қосқыштармен жабдықталған аудиожүйеден таралатын музыка тыңдап, рахаттана алады.









