2011 жылғы Chevrolet Captiva. Қуаты мол. Қолайлығы зор. Асқан нысаналық.

2011 жылғы Captiva әлеміне қош келдіңіз! Қуатты SUV Сіз армандаған сыртқы пішінімен, және де Сіз мұқтаж болған әмбебаптылықпен. Алдыңғы үлгінің жетістігімен шабыттанған біз, Captivaны жан-жақты жетілдірдік, әр түрлі қажеттілікке сәйкес келетін машинаны жасадық. Ол заттарды тасуға да, және де үлкен отбасының күнделікті қолдануына да жарайды, ал егерде кімде-кім спорттық автомобиль туралы армандайтын болса, Captiva ол үшін – жақсы таңдау.

 

Әр бөлшегі көзді қуантады

2011 жылғы Captivaның капоты астында үлкен өзгерістер болды, олар автомобильдің қуатын ұлғайтты. Осы әсерлі қуатқа жаңа, аса агрессиялық дизайн сәйкес.

  • Captiva сіздерге барлық жерде әрлі-берлі өтушілердің тамсана қарауын қамтамасыздандырады.
  • Жаңа Captivaның сазды пішіні Chevroletке тән.
  • 2011 жылғы Chevrolet Captiva– қуат, қолайлық, мақсаттылық.
## Zoom

Экстерьердің әр бөлшегі назар аударады, машинаның сырт пішіні мен оны жүргізу терең әсер береді.Captiva фотосуреттерін көбірек көру.

 

Көз тартымды интерьер

Жаңа Captivaның интерьерін біз толық жаңарттық. Салон бұрынғыдай кең, бірақ қайда болмасын көзіңізді салсаңыз, Сіз әрлеу мен әмбебаптылықтың жаңа деңгейін көресіз.

  • 6 отырғышты жинағанда, жүксалғыш едәуір үлкен болады.
  • Электрлі тұрақтау тежегіші: кез келген жинақтаудағы Captivaның өзгермес бөлігі.
  • Жаңа әрлеу материалдары аса жоғары сапада.
## Zoom

Осынау ғажайып SUV еркіндігі туралы толықтай әсер алу үшін Captiva интерьерінің барлық қасиетін көрсететін бейнероликтерді, қараңыз.

 

Аса жоғары қуат

Капоттың астынан Сіз төрт қуатты қозғалтқыштардың біреуін табасыз, ол 6 сатылы қол немесе автоматы берілістер қорабымен бірге – Сіздің жолға шығудағы байсалды жүрісіңіздің кепілі болады.

This website requires Adobe Flash player. You can get the Adobe Flash player by using the button below.

Get Adobe Flash player

Бензин қозғалтқыштары

Captivaның жаңа қозғалтқышы – ол алғыр технология. Оның ішінде, мысалы, газ үлестіру фазаларының үздіксіз өзгеру жүйесі (CVVT) бензиндік қозғалтқыштардың 2 жоғары үлестіру білікшесі ECOTEC 2,4 және 3,0 литр, онысы 167/258 а.к. қуаттылығына жетуге көмектеседі және екпіні 0-100 км/сағ барлығы 10,5/8, 6 секундта.

Трансмиссиямен жүргізудің опциялары

Сіз қол немесе автоматы берілістер қорабы, алдыңғы немесе толық жетегі бар Captivaны таңдай аласыз. Қандай жолмен жүрсеңіз де, Сіз шассидің ұлғайтылған динамикаға, жақсартылған орағытпалыққа және әсерлі жүріс сипатына сәйкестігіне сенімді боласыз, сондықтан Сізге жол жүру қуаныш пен шаттықты міндетті түрде әкеледі.

 

Қауіпсіздік жүйесі

Captivaда алты қауіпсіздік жастығы, екі алдыңғы және екі бүйірдегі жүргізуші мен алдыңғы жолаушыға арналған, ал қауіпсіздік пердешелері артта отырғандарға арналған. Созып тартылатын үш нүктелі қауіпсіздік белдіктері және тартқыш күшін шектеуіш алдыда отырғандардың қамын ойлайды, ал екінші қатардың шеткі орнында орналасқан ISOFIX балалар отырғышының бекіткіш жүйесі, балалар креслосын тез және сенімді бекітуге көмектеседі.

Жолда Сізді ауытқызбай ұстап қалу – біз үшін басымдық болып табылады. Бөгеніске қарсы жүйе (TCS) сіздерді аударылудан сақтайды, ал курстық тұрақтылық жүйесі (ESC) жолда бекіп қалуға көмектеседі. Жедел тежеу құрылғысы (BAS) әрқашан қозғалысқа түсуге дайын және жедел жағдайда тежеу жолын қысқартуға. Бұл жүйенің барлығы кез келген жинақтаудағы Captivaға қоса орнатылған.

Captiva үшін алғаш рет ұсынылып отырған тағы бір пайдалы қауіпсіздік жүйесі – «Hill Start Assist», ол өрге қарай қозғала бастаған кезде автомобильдің артқа қарай шегінуіне жол бермейді.

Түсудегі көмек жүйесі арқасында төмен жылжу оңай, ол төмен түсетін құламалы жолмен ылдилап келе жатқан машинаның қозғалысын автоматы бәсеңдетеді, сондықтан сіздерге тежеу басқышына өте қатты басып керек жоқ.

This website requires Adobe Flash player. You can get the Adobe Flash player by using the button below.

Get Adobe Flash player

Стандартты жабдықтау тізіміне кіретін «Follow-me-home» жүйесінің жұмысын және арт жаққа арналған опциональды қаңтару камерасын көрсететін бейнені көріңіз.

 

Керек-жарақтар

Біз Captiva-ны сіздің ерекше серігіңіз ететін аксессуарлардың тұтастай легін әзірледік. Өзіңізге қайсысы қажет, соны таңдаңыз: велосипедтер мен тау шаңғысы жабдықтарына арналған бекіткіш, жүк салғыш бокстары және басқалары. Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігіүшін біз мыналарды ұсынамыз:

  • "Duo Plus" балалар автокреслосы
  • "Baby Safe Plus" балалар автокреслосы
  • Baby Safe Plus" автокреслосы үшін ISOFIX негізі

Сіз қоса салынған навигациялық жүйе арқасында жолды әрқашан табасыз.
Алдыңғы бассүйеуіштердің арт жағына қоса орнатылған DVD ойнатқышпен балаларыңызға қуаныш әкеліңіз.
Сіздің итіңіз бар ма? Онда иттерді тасымалдауға арналған арнайы торды сатып алыңыз.
Төбедегі жүк контейнеріне тым аз орын керек.

Captiva үшін ұсынылатын аксессуарлар туралы барынша толық ақпарат - өзіңіздің дилеріңіз Chevrolet-те.

Бұл үлгі Сізді қызықтырмай ма? Басқа үлгілермен салыстырып көріңіз!
Барлық сілтемелер сыртқы болып табылады және жаңа терезеде ашылады