Chevrolet автомобилін сатып алу тиімді екендігінің бірнеше дәлелі

Жаңа Chevrolet сатып алу үшін 5 себеп

Біздің автомобильдерді сәнді дизайны және тартымды бағасы үшін жақсы көреді. Сонымен бірге, Chevrolet автомобильдері өз иелеріне көптеген басқа артықшылықтар ұсынады.

Ол артықшылқтардың кейбіреулері:

  • кепілдікпен қызмет көрсету
  • қаржыландыру
  • отынды үнемдеп жұмсау
  • және тағы басқалар...

Кепілдікпен қызмет көрсету

Chevrolet автомобильдерінің барлығына олардың иелеріне қолайлы толық кепілдік беріледі. Біз өз машиналарымыздың сапасына, сенімділігіне және техникалық мінсіздігіне толық сенімдіміз. Міне сондықтан кез-келген Chevrolet автомобиліне жүрген жолы шектелмей екі жылға және жүрген жолы 100 000 километрмен шектеліп үш жылға кепілдік беріледі. Оған қоса, сатып алушыларға алты жылға коррозиядан кепілдік беріледі.

Қаржыландыру

Біз сатып алушыларға қарапайым, қолайлы және тиімді қаржылық бағдарламалар ұсынамыз. Олар туралы толығырақ білу үшін Chevrolet салонының қызметкерлеріне хабарласаңыз.

Отынды үнемдеп жұмсау

Біздің автомобильдер ең үнемді автомобильдердің бірі, соның арқасында Chevrolet автомобилінің иелері басқа автомобильдердің иелеріне қарағанда отынға аз шығындалады. Мысалы, Chevrolet Aveo автомобилі жақында өзіне ұқсас автомобильдердің арасында ең үнемді автомобиль деп танылды*

Қозғалтқыштың көлемі 100 километрге
жұмсалатын отын
1.2 л 5.5 литр
1.4 л 5.9 литр

және тағы басқалар...

Chevrolet автомобилін сатып алудың ең басты себебі оның Chevrolet автомобилі екендігі.

Біз автомобильдерді1911 жылдан бері шығарып келеміз және олардың әрқайсысын мақтан тұтамыз. Сіз біздің нені меңзеп тұрғанымызды жақсы түсінесіз. Ендеші әрбір автомобильмен жеке-жеке танысыңыз.

Қолайлы Chevrolet Aveo
Жайлы Chevrolet Lacetti
Мәнерлі жаңа седан Chevrolet Cruze
Сәнді Chevrolet Epica
7 адамға дейін сыйатын, отбасына арналған Chevrolet Captiva жол таңдамайтын көлігі

* «Automonat» журналы, 2008 жылдың көктемгі саны

Бүл суреттер автокөлік туралы жалпы мағлұмат береді.
Барлық сілтемелер сыртқы болып табылады және жаңа терезеде ашылады