Chevrolet - Тарих
Луи Шевроленің фотосуретіЛуи Шевроленің фотосуреті
Әйгілі жарысшыӘйгілі жарысшы
Компанияның дамуыКомпанияның дамуы

Тарих

Жас инженер

Луи Шевроле 1878 жылы Швейцариядағы Ла Шо-де-Фо қалашығында туылды. Күрделі механизмдерге құмарлық оған сағат жөндеуші болған әкесінен дарыды. Луи бала жасынан түрлі тетіктерді бұзып, олардың қалай жұмыс істейтіндігін білуге тырысатын. Ол 11 жасынан бастап велосипед жөндейтін шеберханада жұмыс істеген кезінен жылдам жүретін көліктерге әуестене бастады. Көптеген балалар сияқты Луи да алғаш рет велосипедпен биік төбеден төмен зулаған сәтте бөленген сезімін еш ұмытпады. Бірақ оның басқа балалардан айырмашылығы ол сол сәттен бастап велосипедті қалай жылдамырақ жүргізуді ойлана бастады. Луи велосипедтерді өзі құрастырып, жарыстарға қатыса бастады, ал жарыста ұтып алған ақшасын алты бауырын бағып-қағуға жұмсады. 1886 жылдың бір күнінде оның шеберханасына америкалық алпауыт Вандербильт мотоарбасын жөндетуге келе қалды. Луи оның көлікті лезде жөндеп берді, ал оның шеберлігіне тәнті болған Вандербильт Луи Шевролеге Америкада бағын сынап көруді ұсынды.

Әйгілі жарысшы

1901 Луи Нью-Йоркке көшіп келіп, сол кездегі автомобиль шығаратын ең ірі Дион-Бутон компаниясына инженер-механик болып жұмысқа орналасты. Көп ұзамай Луидің автомобильдерге деген құштарлығы оларды құрастыруға да, жарыстарға қатысуға да ұласты. 1905 жылы ол алғаш рет аса маңызды жарыста жеңіске жетті және бір мильді 52,8 секундта жүріп өтіп, әлемдік рекорд орнатты. Осы жылдан бастап Луи америкалық жарыстарда 15 жыл бойы жеңістен жеңіске жетіп, автожарыстың әлемдік жұлдызына айналды. Луи 1911 жылы өзінің атақ даңқын өз автомобиль компаниясын құру үшін пайдалануға бел буып, Нью-Джерсидегі Дженерал Компаниясының (кейін Дженерал Моторз компаниясы болған) иесі Билли Дюрантпен бірге Шевроле Мотор Кар Компаниясын құрды. 1911 жылдың 3 қарашасы Шевроле Мотор Кар Компаниясының туылған күні болды.

Компанияның дамуы

Луи Шевроле енді өзі көптен армандаған автомобильдерді жасауға мүмкіндік алды. Ол сол кездегі машиналардан технологиялық жағынан жоғары жетілген және сенімдірек машиналар жасағысы келді. Ол сонымен бірге бағасын адамдардың көпшілігінің қалтасы көтеретін автомобильдер жасағысы келді. Chevrolet бренді орасан зор табысқа жетті, ол тіпті Форд компаниясынан да алға шықты. Қазіргі кезде адамдардың көпшілігі Луи Шевроленің даңқты спортшы болғанын біле бермейді, бірақ оның компаниясы әлемге әйгілі. Біз, Chevrolet командасының мүшелері компанияның шыққан тегін мақтан тұтамыз және әрқашанда Луи Шевроленің арзан бағаға ең жақсы автомобильдер жасау қағидасын үнемі ұстанатын боламыз.

Chevrolet модельдері туралы көбірек біліп алыңыз немесе
Chevrolet кез-келген моделімен жеке-жеке танысыңыз:

5 есікті Aveo хэтчбегі
Chevrolet Aveo седаны
Chevrolet Lacetti отбасылық автомобилі
Жаңа Chevrolet Cruze сәнді седаны
Отбасына арналған, 7 адам сыйатын Chevrolet Captiva жол таңдамайтын көлігі

Өткен тарих пен бүгінгі күн туралы біраз баяндадық. Енді Chevrolet компнаиясының болашағымен және Chevrolet концепт модельдерімен танысыңыз:

Chevrolet Volt электромобилі

Бүл суреттер автокөлік туралы жалпы мағлұмат береді.

Барлық сілтемелер сыртқы болып табылады және жаңа терезеде ашылады