Chevrolet-тің WTCC чемпионатындағы жеңісі– екі жыл қатарынан

Біз бірінші болуды ұнатамыз. Chevrolet – өзінің артықшылығын FIA World Touring car Championship (WTCC) әлемдік чемпионатында нығайтты. Осы кезеңде конструкторлар Кубогінің жеке сынағында команда қайтадан жеңіске жетті – және сол кейіпте екі жыл қатарынан WTCC чемпионы болды.

Конструкторлар кубогіндегі жеңіске, Chevrolet командасы қыркүйек айында, басқа командалардың қолы жетпейтіндей ұпай санын жинаған соң ие болды. Бірақ жеке сынақта Chevrolet –тің үш ұшқышының қайсысы чемпион болатыны - соңғы сәтке дейін шытырман болды.

WTCC чемпионы француз Yvan Muller (Иван Мюллер)

Толқытатын финалдық кезеңнен соң, жеке сынақтағы WTCC чемпионы француз Yvan Muller (Иван Мюллер) болды. Chevrolet командасы бойынша оның әріптестері-британдық Rob Huff (Роб Хафф) және аты аңызға айналған жарысушы Alain Menu (Ален Меню) екінші және үшінші орындарға ие болды. Сол кейіпте, Иван ең қызықты автомобильдік әлем чемпионатының бірінде өз көшбасшылығын сақтап қалды.

WTCC чемпионаты және оның ұшқыштары туралы көбірек Chevrolet WTCC сайтынан біліңіз.

2012 жылғы WTCC –тің жаңа кезеңінде кездескенше!

11 наурыз – Монца, Италия
1 сәуір – Валенсия, Испания
15 сәуір – Донингтон Парк, Ұлыбритания
29 сәуір– (орны анықталуда), Германия
6 мамыр – Будапешт, Венгрия
20 мамыр – Марракеш, Марокко
10 маусым – Порто, Португалия
22 шілде – Куритиба, Бразилия
23 қыркүйек – Сонома, АҚШ
21 қазан – Сузука, Жапония
4 қараша – Шанхай, Қытай
18 қараша – Макао, Қытай

Барлық сілтемелер сыртқы болып табылады және жаңа терезеде ашылады