Colorado Rally Concept – келесі буындағы орташа көлемді пикап. Оның атының өзі-ақ затынан хабар береді: Colorado Rally Concept ралли-рейдтерге қатысуға арнап жасалған, яғни ұзақ қашықтықтағы жолсыз жарыстарға қатысуға арналған.
Нағыз жолсызбен жүру – техника үшін де, адам үшін де қатаң тексеріс. Осы үшін де Colorado Rally Concept қиын сәттерде көмек беретін төмендегідей жүйелермен жабдықталған:
- Жүргізуші мен оның серігінің шөлдемеуі үшін әрбір отырғыштың астында суы бар резервуар.
- жолаушылар салонында және мотор бөлігінде өрт сөндіру жүйесі.
- Ұйысқан шаңды кесіп өткеннен кейін салондағы ауаны тазартуға арналған «Air boost» жүйесі.
Colorado концептуалды пикапын жарық диоды бар ірі жарық техникасы, Chevrolet фирмалық дизайнындағы радиатор торшасы, әсем жасалған жазық капот және шыныталшықтан жасалған жазық қанатша әшекейлеп тұр.
Толық жетекті Colorado Rally Concept 2,8-литрлік турбодизелмен жабдықталған. Алдыңғы және артқы бамперлерінде әрқайсысының қуаты 5.5 л болатын екі шығыр орнатылған.









