This website requires Adobe Flash player. You can get the Adobe Flash player by using the button below.
Camaro автомобилінің асқан сұлулығы – миллиондаған адамдар бағалаған классикалық стиль. Бұл әлемге әйгілі мәнердің нағыз бейнесі, енді ол 21 ғасырға дайын.
Біздің дизайнерлерде болашақ Camaro қандай болады деген сұрақ туындаған кезде, олар ең алдымен өткенге көз жүгіртті. Олар 60-шы жылдарғы айрықша Camaro автомобилінің сипаттамаларын және мәнерін зерттеп, супер-машинаның бейнесін жаңарту үшін жаңа технологияларды және қазіргі заманғы дизайнның мүмкіндіктерін пайдаланып түрлі тәжірибелер жасай бастады. Енді осы еңбектің нәтижелерін жаңа Camaro концепт-машинасынан көруге болады.
Camaro автомобилінің «жүрегі» бұрынғысынша 400 аттың қуаты бар V8 болса да, цилиндрлердің бір бөлігін ажыратып тастайтын Active Fuel Management (TM) жүйесін пайдалану отын үнемдеуді 7,8 л/100 км дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Классика мен қазіргі заманның үйлесімі Camaro автомобилінің дәстүрлі ұзын кузовынан, еңістеу төбесінен және арқы жағының қысқалығынан көрінеді, бұл оның аэродинамикалық қасиеттерінің жақсы болуын қамтамасыз етеді. Тіпті оның ішін әрлеуде де 60-жылдарғы аңызға айналған автомобильдегіге ұқсас ұшқыш кабинасының бейнесі пайдаланылған, оның іші сарғыш қызыл материалмен қапталып, стрелкалы аспаптармен жабдықталған.
Біздің дизайнерлер Camaro кузовының классикалық формаларын өзгерткілері келмеді, керісінше оны айқынырақ көрсеткілері келді. Олар Camaro автомобилінің ұзын кузовы мен қысқа төбесі сияқты таныс элементтерін сақтап қалды. Енді оларды автомобильдің аэродинамикалық қасиеттерін жақсартатын төмен профиль толықтырып тұр. Автомобильдің іші заманауи ұшақ кабинасының мәнерінде әрленген, сонымен бірге онда 60-жылдарғы Camaro автомобилінің сарғыш қызыл қаптамасы және сәнді басқару аспаптары сияқты дизайны сақталған.
Дизайн бойынша директор Том Петерс Camaro концепт-машинасының болашаққа әсері туралы айтқан кезде, оны GM компаниясының басқа да әйгілі туындыларымен салыстырды. «Бұрын өте әйгілі болған Sting Ray және алғашқы Camaro сияқты автомобильдер қазір де өз беделін сақтап қалды. Осы автомобильдер 50 жыл өткен соң да тартымды болады. Олар уақытқа бағынбайды».