This website requires Adobe Flash player. You can get the Adobe Flash player by using the button below.
Кабриолетті жобалау – дизайнер үшін нағыз сынақ. Төбесі жоқ автомобильдің аэродинамикасынан бастап оның басқару және кузовының беріктігіне дейін барлық қасиеттері өзгереді. Біздің дизайнарлер Camaro Convertible автомобилін оның қызметі мен сыртқы түріне нұқсан келтірмей бірден кабриолет ретінде жобалады.
Camaro Convertible автомобилінің көтерілетін төбесінен басқа әрбір бөлшегі нағыз Camaro автомобилінен. Тура сондай аэродинамикалық дизайн, тура сондай 400 аттың күші бар қуатты қозғалтқыш. Айырмашылығы тек түсінде, ол «Hugger Orange» деп аталады. Бұл 1969 жылғы Camaro автомобилінде болған перламутр реңді үш қабатты сыр. Бүйріндегі сұр-болат түсті қос жолақ Camaro Convertible автомобилінің бейнесін толықтыра түседі және осы бір ашық супер-машинаны таза ауада серуендеу үшін аса тартымды етеді.
Chevrolet компаниясының бас директоры Эд Пепер Camaro Convertible автомобилі туралы айтқан кезде: «Camaro Convertible автомобилі пайда болған кезде айнала бір шуаққа бөленгендей болды. Егер Camaro Convertible автомобилін көрген кезде жүрегіңіз жиірек соға бастамаса, кардиологқа қаралғаныңыз дұрыс, жүрегіңізде ақау болуы мүмкін», – деп әзілдеді.