T2X

This website requires Adobe Flash player. You can get the Adobe Flash player by using the button below.

Get Adobe Flash player

T2X – жол таңдамайтын спорттық автомобиль

T2X жол таңдамайтын спорттық автомобилінде спорттық купе мен жол таңдамайтын көліктің қасиеттері үйлескен. Бұл автомобильде сан-алуан қызметтер болуын және оның сәнді болуын ұнататын жас жүргізушілерге арналған жол таңдамайтын көлік.

Қолайлылық

T2X автомобиліндегі орындар саны жол таңдамайтын автомобильдегідей. Оған қоса, жиналатын алдыңғы орындықтары және орталық тіреудің болмауы салонға адамдардың да, жүктердің де оңай кіруін қамтамасыз етеді. Автомобильдің ішінде заттарды сақтауға арналған қосымша бөлімдер көп, артқы орындықтары толық жиналады.

Ымырасыз мәнер

Кузовының жоғары бөлігі купе мәнерінде, ал төменгі бөлігі жол таңдамайтын көлік мәнерінде жасалған T2X моделінің сыртқы түрі жұмыр және сәнді көрінеді. Артқы есіктері топсаға бекітілген, орталық тіреудің жоқтығы автомобильге міну мен одан түсуді, жүк тиеу мен түсіруді оңайлатады. Заттарға арналған қосымша орындар қарастырылған, ыңғайлы болу үшін артқы орындықтар толық жиналады. T2X моделі ішінен де, сыртынан да нағыз спорттық автомобиль. Бедерлі спорттық орындықтар, мотоциклет мәнеріндегі аспаптар, 7 дюймдік орталық монитор T2X автомобилінің ішкі жабдығына серпінділік, төбедегі алынатын шыны панелі бар үлкен люк еркіндік сезімін береді.

Сан-алуан қызметтер және сәнділік

Дизайнерлік орталықтың атқарушы директоры Макс Вольфф T2X автомобилі қандай жүргізушілерге арналғандығы туралы сұраққа былай жауап берді: «T2X автомобилі кез-келген жүргізушіге, дегемен әсіресе жолсызбен де жүре алатын, сан-алуан қызметтері бар және жол таңдамайтын кең көлікті ұнататын 20-30 жастағы жүргізушілерге арналған. Осы модель Chevrolet дизайнының болашақ бағыттарының бірі болады».

Бүл суреттер автокөлік туралы жалпы мағлұмат береді.

Түскағаздар

Мүмкін болған Түстерді көру үшін "Түстер"-ді бетіне көріңіз

Экрандық құтқарушылар

Сіздің оперициялык жуйіеңізді тандау үшің және экрандық құтқарушылары алу үшін сүреттерді қараңыз

Барлық сілтемелер сыртқы болып табылады және жаңа терезеде ашылады