This website requires Adobe Flash player. You can get the Adobe Flash player by using the button below.
Қалада жол таңдамайтын үлкен автомобильдер өте танымал, сондықтан біздің дизайнерлер осы сұранысты пайдалануға шешім қабылдады. Олар автомобильдің жол таңдамайтын көлікке тән сыртқы түрін және жүру сипаттамаларын сақтап, қаланың тар көшелерінде еркін жүре алатын шағын автомобиль жасады. Осы идея Trax концепт-автомобилінде жүзеге асты. Бір элемент түріндегі бампер, жүк бөлімінің есігіне орнатылған қосалқы доңғалақ және төбесіндегі рейлингтер Trax моделінің нағыз жол таңдамайтын көлік екенін көрсетіп тұр. Бірақ, ең маңыздысы оның ішінде орналасқан.
Конструкторлар Trax моделіне жол таңдамайтын көліктің қасиеттерін беру үшін алдыңғы жетекті толық жетектің мүлдем жаңа түрімен (AWD) біріктірді. Жоғары үйкелісті дифференциал жеке аккумуляторлық батареямен және артқы доңғалақты айналдыратын электр қозғалтқышпен жабдықталған. Нәтижесінде бағасы төмен толық жетекті автомобиль пайда болды. Бұл автомобильді қуатты 1 литрлік дизель қозғалтады, ол ауаға зиянды заттарды көп бөлмейді және өте үнемді.
Осы шағын автомобильдің дизайн бойынша менеджері Сангеон Чо Trax автомобилінің жүргізушісінің мақтаныш сезімі туралы былай дейді: «Trax – жолда да, жолсыз жерде де мақтануға тұрарлық автомобиль. Онда жол таңдамайтын көліктің сипаттамалары мен автомобильдің жүргізушіге қалада қажетті қасиеттері біріктірілген».