Volt Concept

This website requires Adobe Flash player. You can get the Adobe Flash player by using the button below.

Get Adobe Flash player

Volt Concept – Chevrolet компаниясы шығарған электр концепт-машина

Volt – басқалардан шынайы айырмашылығы бар электромобиль. Оның зарядсыз жүретін жолының қашықтығы 1030 км. Біздің дизайнерлер зарядсыз жүретін жолды қалай ұзартуға болатындығын зерттеулер арқылы анықтады. Қазіргі гибридтік автомобильдерде электр қозғалтқыштың қуаты жеткіліксіз болған кезде доңғалақтарды ішкі жану қозғалтқышы қосымша айналдыра және бір мезгілде электр қозғалтқыштың аккумуляторлық батареяларын зарядтай бастайды. Біздің дизайнерлер осы мәселенің басқа жолын тапты. Егер резервтік қозғалтқышты тек аккумуляторлық батареяларды зарядтау үшін ғана пайдаланса, автомобильдің зарядсыз жүретін жолын ұзартуға және ауаға бөлінетін зиянды заттарды азайтуға болады. Volt моделін жасаудың идеясы осындай.

Таңдаудың күші

Volt автомобилі толық зарядталған кезінде, тек аккумуляторлық батареяның қуатымен және отынды 1,6 л/100 км деңгейінде үнемдеп, 100 км дейін жүре алады. Егер сізге одан да қашыққа жүру қажет болса немесе сіз автомобильді түнде зарядттауды ұмытып кетсеңіз, көмекке резервтік ішкі жану қозғалтқышы келеді. Резервтік ішкі жану қозғалтқышы E-Flex деп аталатын технологияны пайдаланып этанолмен, дизельдік отынмен, био-дизельдік отынмен және бензинмен жұмыс істей береді. Бұл нақты өңірде сатып алуға болатын экологиялық ең таза отынды пайдалануға мүмкіндік береді. Ол кезде Volt автомобилімен жол жүрудің қашықтығы 1030 км дейін ұзарады.

Сәнділік тиімділікке сай келеді

GM Design бөлімшесінің атқарушы директоры Энн Асенсио Volt автомобилінің заманауи кузовын бұрынғы электромобильдермен салыстыра отырып: «Отынды үнемдеп жұмсауының немесе мүлде отынсыз жұмыс істеуінің арқысында Volt – ең жаңа технологиялық автомобильдердің бірі. Біз дизайнды құрбандыққа шалатындай себепті көріп тұрған жоқпыз. Біздің міндетіміз әркім суретін өз ойында сала алатын, «ғылыми зерттеулердің жемісі» емес, мініп жүруге болатын нақты автомобиль жасау болды. Біз Volt моделін дайындаған кезде осыған ұмтылдық», – деді.

Бүл суреттер автокөлік туралы жалпы мағлұмат береді.

Volt Concept downloads
Терезені жабу
Түскағаздар

Мүмкін болған Түстерді көру үшін "Түстер"-ді бетіне көріңіз

Экрандық құтқарушылар

Сіздің оперициялык жуйіеңізді тандау үшің және экрандық құтқарушылары алу үшін сүреттерді қараңыз

Барлық сілтемелер сыртқы болып табылады және жаңа терезеде ашылады