Volt сериялық моделі

This website requires Adobe Flash player. You can get the Adobe Flash player by using the button below.

Get Adobe Flash player

Volt сериялық моделі

Сериялық Volt гибридтік автомобиль емес, «E-REV» технологиясы пайдаланылған, мүлдем жаңа классты автомобиль, яғни үлкен қашықтықтарға жүруге арналған электромобиль.

Бұл электр энергиясын негізгі энергия көзі ретінде пайдаланатын, 16 кВт/сағ қуат өндіретін литий-иондық батареяларға арналған «Т» әрпі пішіндес қуысы бар тарихтағы ең алғашқы автомобиль. 60 км жүрген соң Volt автомобилінің бензинмен немесе Е85 этанолымен жұмыс істейтін ішкі жану қозғалтқышы автомобиль одан әрі жүзедеген шақырым жүре алуы үшін қосымша электр энергиясын өндіре бастайды. Қозғалтқыш тек батареяларды зарядтау үшін жұмыс істейтін болғандықтан отын жақсы үнемделеді. Оған келесі мысалдардан көзіңіз жетеді:

  • Volt автомобилі күнделікті 60 км жолға бензинді мүлдем пайдаланбайды, демек ауаға ешқандай зиянды заттар бөлінбейді. Осылайша жылына 1900 литр бензин үнемделеді.
  • Сіз күніне 60 км артық жүресіз бе? Зерттеушілердің деректері бойынша Volt автомобилімен күніне 100 км жуық жол жүретін жүргізушілер жылына 2100 литр бензин үнемдей алады.
  • Volt автомобилін зарядтау үшін оны кернеуі 230 В кәдімгі электр желісіне жалғау ғана қажет, автомобиль 3 сағатта толық зарядталады. Егер автомобильді түнде зарядтаса толық зарядтаудың құны 1 Еуроға жуық болады.
  • Volt автомобилінің электр қозғалтқышының қуаты 150 а.к., жылдамдығы 161 км/сағ дейін. Электр қуаты доңғалақтарды тікелей айналдыратын болғандықтан Volt автомобилі 100 км/сағ жылдамдыққа 8,5 секундта жетеді.

Volt – аэродинамикалық дизайн

Біз Volt автомобилін барынша аэродинамикалық ету үшін мыңдаған сағаттар жұмсадық. Volt автомобилінің сыртқы түрінде концепт-машинаны көрікті және есте қаларлық ететін нәрселердің көпшілігі сақталды. Кузовтың сызықтары доғалданып келген, бүйірлері қысыңқы, арнайы қарсы қанаты бар және алдыңғы терезесі көлбеу. Осының арқасында аэродинамикалық қарсылық Volt автомобилінің 60 км жолды бір тамшы бензинсіз жүруіне мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендейді.

Volt - интерьер

Volt автомобилінің ішіне қарасаңыз Chevrolet компаниясының ең алдыңғы қатарлы жабдықтарын көресіз. Алдыңғы панельдің ортасында «тачскрин» қызметі, Bluetooth бар және USB жалғанатын сұйық кристаллды дисплей орналасқан. Сіз 4 жолаушыға арналған тамаша орындықтың дизайнын сан-алуан түстерден және материалдардан өзіңіз таңдай аласыз. Chevrolet Volt автомобилі туралы көбірек білгіңіз және ол туралы соңғы мақалалармен танысқыңыз келсе www.gm-volt.com/about сайтын қараңыз.

Бүл суреттер автокөлік туралы жалпы мағлұмат береді.

Volt сериялық моделі
Терезені жабу
Түскағаздар

Мүмкін болған Түстерді көру үшін "Түстер"-ді бетіне көріңіз

Экрандық құтқарушылар

Сіздің оперициялык жуйіеңізді тандау үшің және экрандық құтқарушылары алу үшін сүреттерді қараңыз

Барлық сілтемелер сыртқы болып табылады және жаңа терезеде ашылады