Malibu – керемет бағадағы премиум-седан

Chevrolet Malibu – орташа деңгейдегі жаңа салтанатты седан. Malibu – бұл жоғары сапалы интерьердің, қауіпсіздік саласындағы алдыңғы технологиялардың және қозғалыстағы ғажайып жайлылықтың қорытпасы.

Malibu сіздің жол үстінде оның жүрісінен ләззат алатындай етіп құрастырылған. Кузовтың мықты да қуатты құрылымы – сыныптағы ең қаттыларының бірі – қозғалыс кезінде автомобильге толық бақылау жасауға кепілдік береді. Дәл рульдік басқару керемет кері байланысты қамтамасыз ете отырып, жүргізушінің әрекетіне сенімді және нақты жауап қатуымен ерекшеленеді.

Malibu механикалық және автоматты трансмиссиямен қос бірдей үнемді бензин және дизель қозғалтқыштарымен жабдықталатын болады.

Malibu үздік интерьері
Malibu салонының жайлылығы мен сыйымдылығы бойынша өз сыныбындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл седан басқа көптеген орташакөлемді үлгілерге қарағанда кеңдеу – сондықтан оның салонында да, жүк салғыш бөлігінде де бос кеңістік әлдеқайда көбірек. Malibu жолаушыларына McPherson алдыңғы аспаның және артқы көптұтқалы тәуелсіз аспаның жайлы жұмыстары ұнайды. Сонымен қатар, олар Malibu салонындағы және мотор бөлігіндегі ойластырылған дыбыс оқшаулау жүйесінің арқасында салтанат құрған тыныштықты лайықты бағалайды.

Malibu сонымен бірге төмендегідей мультимедиялық жүйелердің мол түрін ұсынады: Bluetooth-қосуымен бірге аудио және навигациялық жүйелер – бұл сіздің өз смартфоныңызбен толық қауіпсіздікте қосылуыңыз үшін. Malibu өз сыныбында бірінші болып аудиожүйенің 7-дюймдік сенсорлы дисплейін алды, ол өзінің астына тереңдігі 15 сантиметр болатын затқа арналған бөлікті жасырып тұр.

Қауіпсіздік
Сіз осы үлгіге орнатылған қауіпсіздік жүйелерінің тізімімен танысқаннан кейін Malibu-дің тартымды бағасын бұдан да гөрі көбірек бағалайтын боласыз:

  • 8 қауіпсіздік жастықшасы,
  • 4-арналы оқшаулауға қарсы жүйе (ABS),
  • бағдар орнықтылығы жүйесімен (ESC) және тежегіш күшті бөлу жүйесімен (EBD) жетекті бақылаудың толықфункционалды жүйесі.

Орташа және жоғары деңгейдегі жиынтығында артқы датчиктер және арт жақты көруге арналған камералар бар.

Совершенно новый Malibu

Malibu является любимцем публики в США, где первая модель этой линейки была представлена в 1964 году. Семейный седан Malibu один из самых продаваемых автомобилей Chevrolet, получивший более 40 отраслевых наград с 2008 года:

  • Consumers Digest Automotive: «Лучшая покупка» (2009, 2010 и 2011 гг.)
  • Американский институт дорожной безопасности (IIHS): «Самый безопасный автомобиль» (2009 и 2010 гг.)
  • Североамериканский автомобиль года (2008 г.)

Новый Malibu будет глобальной моделью. Он поступит в продажу в 100 странах на пяти континентах и будет собираться в разных уголках мира. Он оборудован широкой линейкой экономичных и мощных четырехцилиндровых двигателей с шестискоростными коробками передач, обеспечивающими быстроту и эффективность.

Bookmark and Share

Подпишитесь на новости (RSS-тың) о будущих моделях Chevrolet.

Барлық сілтемелер сыртқы болып табылады және жаңа терезеде ашылады