Концептуальды Chevrolet Miray – болашаққа көзқарас
Корей тілінде Miray «болашақ» дегенді білдіреді.
Осы концептуальды родстердің көмегімен Chevrolet компаниясы болашақ автомобильдерде алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді. Miray «ортамоторлы-электрлі» жетекпен жабдықталған, ол керемет жүріс сипаттамалары мен ғажайып үнемділікті астастырған.
Сонымен бірге концептуальды Miray Chevrolet спорттық автомобильдерінің даңқты дәстүрлерін жалғастырады. Оның дизайнында өткен жылдардағы Chevrolet классикалық автомобильдерінің белгілері мен компанияның перспективті дизайнерлік шешімдері бірге тұтасып кеткен. Miray – Chevrolet-тің жүз жылдық мерейтойына керемет тарту.
Классикалық экстерьері
Ашық та ықшам Miray 1963 жылғы Monza SS концептуальды автомобилін еске түсіреді. Кузовтың жеңіл құрылымы мен алға ұмтылған сызықтар – өткен жылдардағы тағы бір атақты автомобиль 1962 жылғы Corvair Super Spyder-тің қазіргі заманғы интерпретациясы.
Спорттық стильдегі «гильотиндік» типтегі есіктер және бірегей жарық техникасы
Miray-дің тиімді аэродинамикалық кузовы қазіргі заманғы истребительдерді еске түсіреді. «Le Mans» жарыс болидтері стиліндегі «гильотиндік» типтегі есіктер, жазық сызықтар, сынатектес профиль және бірегей жарық техникасы өз бойына Chevrolet-тің ғасырлар бойғы дәстүрлерін сіңірген және компанияның болашақ дизайнына көз жіберуге мүмкіндік береді.
Miray спорттық интерьері
Chevrolet-тің жарыс дәстүрі Miray салонының динамикалық дизайнында да көрініс береді. Полирленген алюменийден жасалған беттері, қозғалыс барысында қатып қалғандай тері, мата және «сұйық» металл экстерьердің авиациялық тақырыбын жалғастыруда.
Фирмалық стильдегі кокпит
Miray кокпиті жүргізушінің жанына шоғырландырылған – Chevrolet классикалық спорттық автомобильдеріндегі секілді. Кокпитті екі зонаға бөлу арқылы алдыңғы жолаушы жүргізуші нені сезіп отырса, соны сезеді.
Сонымен бірге артқы отырғыштардағы жолаушылар да алдыңғы аспап панельдерінен төгілген жарық шашырандыларынан шығатын жайлылықтан ләззат алады.
Information display and centre console
Дизайнерлер аспаптар панеліне проекциялық техниканы қолдана отырып, жүргізушіге арналған ақпараттарды көрсетуде ерекше тәсіл қолданған.
Орталық сенсорлы дисплей
Орталық сенсорлы дисплей алюменийден жасалған тірек элементке түсетін консолидің ұзына бойына орналастырылған – мұндай дизайн шассиі түсірілген ұшақ-истребилеьдің тұмсығын елестетеді. Тап осы жерде кузовтың сыртқы панелі ішкі нығайтылған консольге ұласады, ол автомобильдің алдыңғы және артқы жағын жалғастырады.
Авиациялық стильдегі «Қосу» түймешесі
Ортаға орналастырылған «Қосу» түймешесі де ұшақ-истребительді елестеді. Оны басқан кезде рульдік колонкадан истребительдің кабинасындағыдай аспаптар панелі шығады. Интерактивті ақпарат
Болашақтың функционалдылығы
Miray-дің футуристік технологияларының тізімінде – арт жақты көрсетуге арналған жылжымалы камералар (әдеттегі арт жақты көрсететін айнаның орнына), олар электржетектің көмегімен бүйірдегі әйнектен шығады. Тағы бір камера алға бағытталған және GPS навигациялық жүйесімен бірге жұмыс жасайды. Ол навигациялық картаға нақты уақыт бойынша бейнекөріністерді шығарады, сол арқылы жүргізушінің беймәлім қала жағдайында жақсы бағдар алуына көмектеседі.
Жетектік үнемді және қуатты жүйесі
«Жетек жүйесі ықшам көлем мен экологиялық тазалыққа ие ғажайып жүріс сипаттамасын үйлестіре отырып, автомобильдің концепциясымен керемет үйлеседі», - деді GM Korea президенті және атқарушы директоры Майк Аркамоун.
1,5 литрлік төрт цилиндрлі турбаланған қозғалтқыш электрмотормен бірге жұмыс істейді. Айналдыру сәтін жетек дөңгелекке оңтайлы бөлуді кепілдендіре отырып, Miray-дің ерекше динамикасы мен нық тұруына мүмкіндік береді.
Гибридті жетектің ортамоторлы жиынтығы
Miray гибридті жетектің «ортамоторлы-электрлі» жаңа технологиясын білдіреді, оның негізгі элементтері жүргізушінің арт жағына және астына орнатылған. Мұндай жиынтық керемет жүріс сипаттамасы мен отын шығынының төмендігін қамтамасыз етеді.
Жетектің техникалық сипаттамалары
Концептуальды Miray автомобильдің алдыңғы бөлігінде орналасқан 15 кВт қуаттылығы бар екі электрмотормен қозғалысқа келеді. Қала жағдайында жүру барысында олар атмосфераға зиянды заттар шығаруды «нөлдік» қалыпқа түсіре отырып, жылдамдықты арттыруды қамтамасыз етеді. Электр моторлар сыйымдылығы 1,6 кВт құймалы-ион батареялардан алынатын энергиямен қуаттанады, ол автомобильдің рекуперативті тежегіш жүйесінен зарядталады.
«Miray жетек жүйесінің көптеген компоненттері GM иелік ететін қазіргі заманғы технологиялардың логикалық дамуы болып табылады», - дейді GM Powertrain Advanced Engineering бөлімшесінің атқарушы директоры Уве Гребе











