
Луи Шевроленің фотосуреті
Әйгілі жарысшы
Компанияның дамуы
«Chevrolet Motor Car» компаниясының 1911 жылы 3 қарашада негізі қаланған. 2011 жылы – оның құрылғанына жүз толғаннан кейін – біз Сізге осы оқиғаны Еуропаның көптеген қалаларындағы іс-шараларда бізбен бірге мерекелеуді ұсынамыз.
Chevrolet-тің еуропалық тамыры бар. Фирманың негізін қалаушы Louis Chevrolet (Луи Шевроле) Швейцарияда дүниеге келген, сондықтан компанияда еуропалық рухтың салтанат құратынына таң қалуға болмайды.
Бүгінде Chevrolet – әйгілі әлемдік брендтердің бірі. Алтын «көбелек» ұзақ жылдар бойы, тіпті Луи кезеңінен бергі компанияға тән керемет дизайн мен оптимизмнің кепілі болып табылады.
Louis Chevrolet әйгілі жарысушы болған, сондықтан Chevrolet-тің WTCC жарыстарына қатысуы әбден жарасымды. Chevrolet автоспорт бойынша әлемдік жарыстарға қатысушы ғана емес, тұрақты жеңіске үміткер болып табылады.
Жас Louis Chevrolet шығармашыл жан болған, сондықтан біздің компания дәстүрді жалғастыра отырып, бүкіл Еуропа бойынша жас дарындарға қолдау көрсетеді. Бастама Young Creative Chevrolet (YCC) деп аталады.
Жүз жылдығын атай отырып, Chevrolet SOS Children’s Villages балалар үйі желісімен ынтымақтастық орнатты, оларға бүкіл әлем бойынша 100-ге жуық автомобиль тарту етті. Louis Chevrolet бұлар үшін шаттанған болар еді, бұл анық.
Chevrolet-тің іс-шаралары мен әлеуметтік қызметі туралы толығырақ біліңіз.
Chevrolet-тің жүз жылдығы бетіне кіріңіз.