Заңды ақпарат

Бұл вебсайт Венгрияның 2040 Budaörs, Szabadság 117

көшесінде, әрі қарай “Chevrolet” орналаскан Chevrolet Central and Eastern Europe LLC компаниясымен басқарылады
Сізді тікелей қызықтыратын тақырыпқа өту үшін шертіңіз:

1. Зияткерлік меншік

Сайттағы барлық мағлұматтар Chevrolet –тің зияткерлік меншігі болып табылады. Берілген материалдарды тек қана он-лайн қарау мақсатынан басқа орайда көшірү немесе жаңғыртуға тыйым салынады. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан Веб-сайттың беттерін Сіздің жеке қолданысыңыз үшін қағазға басып шығаруыңызға болады. Кей уақыттарда Веб-сайт беттерінен бет суретін көшіруге, жұмыс үстеліне қоюға, және басқа құралдарды көшіруге рұқсат етілетін болады.

2. Веб-сайтқа сілтеме

Веб-сайтқа сілтеме қосқыңыз келсе ол сілтеме сайттың Бас бетіне болуы тиіс.

3. Веб-сайттағы мағлұматтың туралығы

Бұл веб-сайттағы мағлұмат Қазақстан Chevrolet клиенттеріне арналған және басқа мемлекеттер үшін жөнсіз болуы мүмкін.Осы веб-сайттағы берілген мағлұматтардың нақты және өзекті болуы үшін барлық қажетті шаралар қолға алынады, алайда осы веб-сайттағы мағлұматты қолдану нәтижесінде пайда болған айыппұл мен шығындарға жауапты болып табылмайды. Өнімдеріміздің сипаттамасына кез келген уақытта өзгеріс енгізу біздің құқығымызда. Өнімнің Сіздің мемлекетіңіздегі нақты сипаттамасын алу үшін Chevrolet – нің Сіздің мемлекетіңіздегі дилерімен хабарласыңыз.

4. Сіздің бізге тапсыратын мәліметтерді қолдану мақсатымыз

Chevrolet сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия сақтауды қамтамасыз етеді. Chevrolet сіздің жеке басыңызға қатысты (Аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз, телефон нөмірі мен e-mail адресі сияқты) мағлұматтарды өз еркіңізбен берген болмасаңыз, жинамайды. Жеке мәліметтеріңізді жинағанымызды қаламасаңыз, оны көрсетпеуіңізді өтінеміз. Сhevrolet сіздің жеке мәліметтеріңізді олардың тәуелсіз қолданысы үшін үшінші тұлғаларға Сіздің алдын ала рұқсатыңызсыз бермейді . Chevrolet Сіздің жеке мәліметтеріңізді жаңа өнімдері, қызметі, арнайы ұсыныстары жайында хабардар ету, және де Сізге көрсетілген қызметті бағалап, жақсарту мақсатында қолдануды көздейді. Осы мақсатта Chevrolet –нің еншілес компаниялары Chevrolet-ге қызмет көрсететін, Сіздің жеке мәліметтеріңізді сақтауға да қатысты өңдеулер енгізетін компаниялары мен дилерлеріне, Сіздің жеке мәліметтеріңізді ашуы мүмкін. Бұлай болғанын қаламасаңыз, бізбен төменде көрсетілгендей байланысыңыз. Бұл Компаниялардың кейбірі Казакстаннан тыс болуы мүмкін, бірақ келісім шартқа байланысты. Бұл Компаниялардың кейбірі Қазақстан одақтан тыс болуы мүмкін, бірақ келісім шартқа байланысты. Сіздің жеке мәліметтеріңізді ң құпиялығын сақтауға міндетті болады. Бұдан былай қандай да бір мәлімет алғыңыз келмесе Жеке мәліметтеріңізді жіберер алдында веб-сайттың төменгі жағындағы тиісті терезедегі жалаушаны белгілеңіз.

5. Электрондық байланыс құралдары

  • Сіздің талаптарыңыз бен қызығушылығыңызға сай мағлұматтар жіберуімізді қамтамасыз ету үшін «Сілтемеге өту көрсеткіші» біздің электрондық хабарламалардың құрамына енгізілген. Сілтемеге өту көрсеткіші бізге: Сіздің хабарламаны оқығаның және қай сілтемелерге өткеніңіз жайындағы мағлұматтарды бақылап жинақтауымызға мүмкіндік береді. Жиналған мағлұматтар Сіздің қызығушылықтарыңызды анықтап Клиенттерімізге керексіз хабарламаларды жіберудің алдын алуға көмектеседі.
  • Бұдан кейін қандай да бір хабарламаларды алғыңыз келмесе, немесе хабарлама жіберушілер тізімінен шыққыңыз келсе, бізден алатын әрбір электрондық мағлұматтың бюллетенде ұсынылатын жазылудан бас тарту сілтемесін қолдануыңызды өтінеміз.
  • Қолымыздағы файлдардан бұл мәліметті өшіруге барлық қажетті шараларды қолданамыз.

6. Промо – іс -шаралары

Егер сіз жарыстар, тотализатор әлде қандай да бір промо – іс-шаралардың қатысушысы болсаңыз, бағдарламалардың алға жүруін жеңілдету мақсатында Сіздің жеке мәліметтеріңізді қолдану құқығына иеміз.

7. Сыртқы веб-сайттарға өткізетін сілтемелер

Сонымен қатар біздің веб-сайтымыз Chevrolet компаниясының басқа да веб-сайттарына, немесе біздің дилерлеріміздің, ресми жөндеу мамандарының, және басқа еншілес компаниялардың немесе әлеуметтік медия веб сайттарына сілтеме қамтуы мүмкін. Сілтеме бойынша басқа сайттарға өткеніңізде әрбір сайтта құпиялыққа байланысты өз саясатының болатынын ескереуіңізді сұраймыз, және мұндай сайттар үшін жауапкешілік тартпаймыз. Өзіңіз туралы қандай да мәлімет берер алдында өздігіңізше жеке мәліметтерге байланысты саясатын тексеруіңізді өтінеміз.

8. Мағлұмат жинақтау және қолдану

Сіздің компьютеріңіздегі протокол файлдарында автоматты түрде сақталатын мағлұмат: Интернет протоколының (IP) адресін, браузер түрін, тіл құрылғыларын,операциялық системасын, интернет қызметін жеткізуші (ISP), және күн мен уақытты қамтиды. Біз бұл мәліметтерді сайтымыздың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қолданамыз. Бұл жайында біздің сайт беттерінен сайтқа келушілердің әрекеттері, тренд анализдері мен біздің қолданушыларымыздың демографиялық мағлұматтарын жинақтау туралы толығырақ мәлімет ала аласыз. Жиналған мағлұматтар маркетингтік және жарнамалық мақсаттарда қолданылуы мүмкін. Жалпы және құпиялы мағлұмат қолданатын болсақ, бұл мағлұмат үйлесіміде қолданысын жоғалтқанға дейін құпиялы болып саналады.

9. Cookie файлдарын қолдану

Chevrolet компаниясының веб-сайты, электрондық жәшігі, онлайн қызметтер, жарнамалық және интерактивті қосымшалар cookie-файлдарын, және веб – маяктар мен пиксельді белгілер сияқты басқа да технологиялар қолдануы мүмкін. Сookie-файлдары біздің веб серверден Сіздің компьютеріңіздегі қатты дискідегі бараузердегі Сookie-файлға жіберетін жазбаша мағлұмат болып табылады. Бұл біздің веб-сайттың сіздің кім екеніңіз және веб сервермен веб-браузердің арасында қашан байланыс орнатылғанын есіне сақтауына көмектеседі. Сookie-файлының басқы мақсаты қолданушыны тану, сонымен қатар веб – сервердің сіздің жеке қажеттіліктеріңізге байланысты жарнамалар беруіне мүмкіндік туғызып, сіздің веб сайтқа кіруініңзі дербес ету. Шевроле (Chevrolet) және біздің серіктестеріміз cookie-файлдары мен басқа да технологияларды Сіз біздің веб сайтымызды, қосымшаларды және басқа онлайн қызметтерін қолданып жатқанда жеке мағлұматтарды есте сақтау үшін қолданады. Мысалы мынау сіздің бұрында электронды түрде енгізген мағлұматыңыз. Жұмыс барысында сookie-файлдарының екі түрі қолданылады:

  • Сеанс cookie-файлы: Сіз веб сайтымыздан шыққанға дейін Сіздің браузеріңіздің файлдарында орын алатын уақытша cookie-файлдары. Сайтымызды белгілі уақыт аралығында қолданбағаныңызда cookie-файлдары жоғалып кетуі мүмкін.
  • Ұзақ мерзімді cookie-файлы: Мұндай cookie-файлдар Сіздің браузеріңіздің файлдарында ұзақ үақытқа дейін орын алады. Бұл уақыт аралығы Сіздің интернет браузеріңіздегі жеке құрылғыларға тәуелді. Ұзақ мерзімді cookie-файлдары әрбір кісі веб сайтқа кірген сайын веб – серверге мағлұмат жіберуіне мүмкіндік туғызады. Ұзақ мерзімді cookie-файлдары ізге түсуші cookie-файлы атымен де танымал.

10. Үшінші тұлғалардың сookie-файлдары.

Chevrolet компаниясы жарнаманы және маркетингтік қарым қатынасты қамтамасыз ету мақсатында үшінші тұлғалардың жарнамаларын шығаруы мүмкін.
Үшінші тұлғалардың жарнамалары да жарнаманың тиімділігін анықтап, жарнамалық дербес толықтыруларын анықтау мақсатында сookie-файлдарын қолданады. Үшінші тұлғалардың жарнамасынан жиналған мағлұмат географиялық орын мен байланыс мәліметтерін, мысалы электрондық жәшік адресін қамти алады.
Сookie-файлдарының саясат бөліміндегі үшінші тұлғалардан жиналған жеке мағлұматты қолдануы туралы толығырақ оқып таныса аласыз. Үшінші тұлғалардың жиналған жеке мағлұматты қолдануы туралы толығырақ білгіңіз келсе Network Advertising Initiative сайтына кіріп бұған қатысудан бас тарту туралы мәлімет таба аласыз (“opt-out”).

11. Веб – маяктары мен пикселдері

Біздің веб – сайтымыз бен электрондық поштамыз веб – маяк немесе пикселдік белгілер деп танылатын электрондық бейнені қамтиды. Веб – маяк пен пикселдік белгілер негізінде Google Analytics сияқты веб сайтты қолдану белсенділігін бақылау мақсатында үшінші тұлғалар технологиясында қолданылады

12. Сookie-файлдарын қосу және ажырату.

Веб браузерді икемдеулерін өзгерту арқылы Сіз cookie-файлдарын қоса немесе ажырата аласыз.Веб браузерді икемдеулерін өзгерту туралы толығырақ білу үшін cookie-файлдары туралы (About Cookies Website) веб сайтына кіріп браузерді қолдану ережелерімен танысуыңызды өтінеміз. Chevrolet сайтының кейбір атқарымдары cookie-файлдарынан ажыратылган жағдайда жұмыс атқармауы мүмкіндігін есіңізге саламыз.

13. Құпиялық сұрақтары бойынша бізге хабарласыңыз.

Егер Сіз құпиялық саясатына немесе жеке мағлұматтардың өңделуіне байланысты қауіптенетін болсаңыз, немесе сұрақтарыңыз болса төменде көрсетілген электрондық поштаға немесе телефон нөміріне бізге хабарласуыңызға болады.
Сонымен қатар жеке мәліметтеріңізге қол жеткізгіңіз келсе, өзгерту енгізгіңіз келсе, жапқыңыз немесе өшіріп тастағыңыз келсе бізге хабарласуыңызға болады. Сіздің өтінішіңізді орындау үшін барынша тырысамыз.

assel.kozhakova@gm.com

Сонымен қатар мына мекен жайға хат жолдауыңызға болады
Chevrolet Southeast Europe LLC Қазақстанда Филиалы. Алматы, Майлин 240А көшесі.

«Суреттер тек көрнекілік мақсаттарында ғана ұсынылған. Көрсетілген суреттер салон өңделуінің стандартты деңгейінен ерекшеленуі мүмкін өнім сұрыпталымының жалпы үлгілері болып табылады. Арнайы ұсыныстар бойынша ақпарат алу үшін Chevrolet қатысушы дилерімен хабарласыңыз. «Chevrolet Орталық және Шығыс Еуропа» ЖШҚ, сонымен бірге Chevrolet дилері акция шарттарын өзгертуге және мерзімінен бұрын тоқтатуға, техникалық сипаттамаларын, оның өнімдерінің түстерін және құрамдас бөліктерін кез-келген уақытта және ешқандай хабарландырусыз өзгерту құқығын өзінде қалдырады. Chevrolet веб-сайтта көрсетілген үлгілердің және олардың сипаттамаларының Chevrolet Дилерлерінде тікілей бар екендігіне кепілдік бермейді. Осы себепті біз Сізге жеткізіп беруге тапсырыс жасамас бұрын Chevrolet дилерімен таңдалған транспорттық құрал сипаттамасын тексеруге кеңес береміз. Ақпарат тек Қазақстан нарығына ғана қатысты.»
Барлық сілтемелер сыртқы болып табылады және жаңа терезеде ашылады